Экономическое и интеграционное сотрудничество тюркоязычных республик
Аңдатпа
Халықаралық қатынастар пәнінің бір зерттеу тақырыбы болып табылатын Орталық Азияның аймағы пост-кеңестік түркі тілдес республикалардың географиясына сәйкес келетіндіктен осы мақалада Орталық Азия аймағына ерекше назар аудардық. Өйткені, Тәжікстанды есептемегенде Орталық Азия аймағы түркі тілді аймаққа жатады. Түркі тілдес республикалардың әрқайсысының негізгі мәселелері ұқсас, тіпті бірдей болғандықтан оларды бір-бірінен алшақтататын емес, керісінше біріктіретін стратегияларға басымырақ мән беретін уақыт келді. Бұл мақалада түркі тілдес республикаларда аймақтандыру үрдісі, яғни әлемдегі мемлекеттердің маңайындағы көрші елдермен экономикалық салада тығыз ынтымақтасып, бірге интеграциялық жобаларға қатысатын бірліктің үлгісі ретінде қарастырылды.










