Қытайдың Еуроодақтың көшбасшы мемлекеттерімен қатынасы

Авторлар

  • N. Sharypkazy Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
  • A. А Arzykulov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Кілт сөздер:

Қытай- Германия, Қытай- Ұлыбритания, Қытай- Франция, инвестиция, екіжақты сауда қатынастары,

Аңдатпа

Бүгінде Еуроодақ Қытай үшін көлемі жағынан екінші сауда серіктесі болса, ал Еуроодақ үшін Қытай бірінші кезекте болып отыр. Қытайда сыртқы саясаттың жаңа стратегиясына байланысты халық- аралық қатынастардың қатысушыларымен серіктестіктің айрықша түрлері бар. Осыған орай, Еуроодаққа қатысты 1998 ж. бері ҚХР-Еуроодақ сындарлы серіктестігі жұмыс жасап келеді. Еуропалық одақта да жалпы Азиямен, сондай-ақ жеке Қытаймен қатынастарды реттеуге бағытталған бірқатар құжаттар бар. Мысалы,1994 ж. қабылданған «Азияға қатысты жаңа стратегия », сондай- ақ 2001 ж. қабылданған «Еуропа мен Азия: ілгерілетілген серіктестік үшін стратегиялық негіз ». Еуропа мен Азия арасындағы қатынастар сонымен бірге АСЕМ (Азиялық-еуропалықфорум) аясында да өрбуде.

Жарияланды

2024-11-26