Көшпенділер өркениеті: ғұндар тарихындағы Аттиланың орны

Авторлар

  • U. Alzhanbaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • B. Zhumadіlova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

Ғұндар, Атилла, көшпелілер мәдениеті, әлемдік өркениет,

Аңдатпа

Мақалада тарих сахнасында алғашқы көшпелілер мемлекетін кұрған ғұн тайпаларының тарихы,
олардың өмір сүру салты мен мәдениеті, мемлекеттік құрылымы  мен саяси-қоғамдық
жүйесі, әскери- cоғыс өнері мен тарихи- миграциялық қозғалысымен қатар, олардың ұлы қолбасшысы – Аттилаға тарихи   тұлға ретіндегі сипаттама беріледі. Оның ғұн тайпалық бірлестігін
басқарып қана қоймай, мемлекеттік істерді жүзеге асыруда өзінің үлкен шеберлігімен танылып,
көшпелі мемлекеттердің далалық саясатын Еуропаға алғашқы болып таныстырғаныны да белгілі.
Берілген мақалада Аттиланың әскери- дипломатиялық саясаты мен әлемдік өркениетке қосқан
үлесі, сондай- ақ, оның жалпы адамзат тарихында алатын орны қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-11-26