АТ-ТУҺФА АЗ-ЗАКИЯ ФИЛ-ЛУҒАТ АТ-ТҮРКИЙЯ ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ АТАУЫ
Кілт сөздер:
қолжазба, ортағасырлық ескерткіш, қыпшақ тілі, зооним, сөздік.Аңдатпа
Мақалада «Китаб ат-Тухфат-уз-закийя фил-луғат-ит-туркийя» («Түркі тіліне бағалы сыйлық») атты ортағасырлық ескерткіштегі үй жануарларының атаулары қарастырылады. Қолжазбадан 56-ға жуық лексикалық бірліктер жинастырылып, арабша-қыпшақша нұсқасымен қатар, қазақша аудармасы да беріледі. Бірліктер түркі халықтарының айналысқан негізгі мал шаруашылығы туралы мәліметтер беріп, тілдік мысалдармен көрсетіледі. Автор тарапынан тіл бірліктеріне ғылыми анализ жасалынып, Көне сөздігінен де мысалдар беріледі. Алғаш рет өзіндік, авторлық пайымдаулар мен дәлелдер келтіріп, тұжырымдама жасауға талпыныс жасалынады.










