САХИБ ИБН АББАДДЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

Авторлар

Кілт сөздер:

Сахиб ибн Аббад, уәзір, ғалым, жазушы, ақын

Аңдатпа

Мақалада Бвейх сарайында тұрып қызмет істеген, мемлекеттік уәзірлердің бірі болған, Х ғасырдағы аса көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер, әдебиетші Сахиб ибн Аббад туралы әңгімеленеді. Ол  Муайядидовлмен Фахраддовлдің (Рей бухвейдтің облыс басқарған балалары) уәзірі болады. Ол жоғары маманданған мемлекет қызметкері  ретінде Бувейх мемлекетінің өркендеуіне аса зор үлес қосады. Сахиб ибн Аббад өз заманының аса көрнекті  қоғамдық-саяси қайртакері, жазушысы, ақыны ретінде үлкен  даңққа бөленеді. Ол сонымен қатар сол мезетте белгілі ғалым да болған еді. Аббад барлық кезде өзінің ары мен абыройын тпті сұлтандар арасында да қорғай алған адам. Мысалға Нух ибн Мансур Самани  оның даңқын естіп, оны өз Сарайына шақырады. Алайда Сахиб ибн Аббад оның ұсынысын қабылдамайды. Өз Сарайын ешқашан тастамайтындығын мәлімдейді. Мақалада осы сияқты мәселелер қамтылады.