Орталық Азия түркі тілдес республикаларының экономикалық қарым- қатынастарындағы кейбір мәселелер
Кілт сөздер:
Орталық Азия, түркі интеграциясы, ШЫҰ, мәселелер, көші- қон, трансшекаралық өзендер, кедендік одақАңдатпа
Түркі тілдес республикалардың экономикалық қарым-қатынастарын негізін алсақ, бір-біріне қарама-қайшы, әртүрлі экономикалық үлгілері мен стратегиялары алдыңғы қатарға шығады. Орталық Азияда интеграциялық үдерістердің дамуына күрделі кедергілер бар: сауда, көлік салаларындағы бақталастық, газға қатысты дау-дамай сияқты мәселелер аймақтағы елдердің өзара ынтымақтасуын тежейтін қайшылықтардың болғанын айғақтайды.










