ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Египеттегі тарихи роман
Кілт сөздер:
ағартушылық тарихи роман, патриоттық мотив, Андалусия, әйел эмансипациясы, «фитна», «мулук тауаиф»Аңдатпа
ХХ ғасырдың 30 жылдарының екінші жартысында египет тарихи романдарында жаңа патриоттық бағыттың пайда болғандығы байқалады. Оның басында Әли әл-Джарим, Фарид Абу Хадид, Мухаммед Саид әл-Арйан, Али Ахмед Баксир, Абд әл-Хамид әл-Гуда ас-Саххар, Адил Камил сынды романистер болды. Ағартушылық тарихи романдар негізін салған тарихи ілім мәдениетін тәрбиелеу дәстүрін жалғастыра отырып романистердің шығармалары өткен дәуірдегі батырлық образдар жемісі болып табылатын ұлттық тәуелсіздікке шақыру міндетін алады.










