Қарым-қатынас әдісі, парсы тілін оқыту әдісітерінің бірі ретінде
Кілт сөздер:
Парсы тілін оқыту әдісі, қарым-қатынас тәсілі, қарым-қатынас әдісімен оқытуАңдатпа
Берілген мақалада авторлар студенттер мен оқытушылардың тәжірибесін қолдана отырып, парсы тілін үйрену және үйрету әдісінің тиімділігін арттыру жолдарын қарастырады. Шетел тілдерін оқытудағы кейбір мәселелер зерттеліп, ұсынылған. Мақаланың негізгі зерттеуге бағытталған нысандары – парсы тілі пәнінің оқытушыларының тәжірибесі мен грамматикалық дағдылары қалыптасқан, бірақ тіл ұстарту тағылымдамаларынан өтпеген парсы тілінің жоғарғы курс студенттері болып табылады. Мақаланың міндеті – парсы тілін үйренушілерді сол елдің мәдени жан-жақтылығымен таныстыра отырып, тіл үйренушілерге ауыз екі сөйлеу тәсілін жеке үйренуде көмек көрсету, қарым-қатынас әдісі арқылы дамыту.










