Түркі әлемінің ханафийа- матуридийа діни дәстүрін қалыптастырушы ас-Сығнақи еңбектерінің әлем кітапханаларындағы қолжазба нұсқалары
Кілт сөздер:
Фахр ал-ислам Абу-л-Йуср ал-Баздауи, биографиялық сөздіктер, Орталық Азия, матуридийа теологиялық мектебі, Хусам ад-дин ас-Сығнақи, салыстырмалы талдауАңдатпа
Мақалада Хусам ад-дин ас-Сығнақидің «ал-Кафи фи шарх усул ал-фиқһ ли ‘Али ибн Мухаммад ал-Баздави», «ан-Наджах фи ат-тасриф фи ‘илм ас-сарф» атты еңбектерінің әлем кітапханаларында сақталғандығы мен оның діни тәлім алған ұстаздары Хафиз ад-дин ал-Кабир Мухаммад ибн Наср, Фахр ад-дин ал-Маймарғи Мухаммад ибн Мухаммад ибн Илйас туралы деректер талқыланады.










