Үндістандағы рухани концепцияның жасалуының алғышарттары (Р. Тагордың ағартушылық қызметінің негізінде)

Авторлар

  • А А Mustafayeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • Д М Kokeyeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Кілт сөздер:

Үндістан, Англия, ағылшын, білім, ағартушы, мектеп

Аңдатпа

Ағартушылықта шетелдік тәжірибеге, оның ішінде шығыстық үнді тәжірибесіне сүйену арқылы отандық тәжірибемен салғастыруда ұқсас және ерекше жақтарын білуге үлкен мүмкіндік туғызады. Үндістанның ақыны, жазушысы, ағартушысы Р.Тагор өз елінің білім жүйесінде елеулі орын алған тұлға. Оның құнды әдеби шығармаларын қоспағанда, батыс пен шығыс білім жүйелерінің синтезін жасауда да орны ерекше. Англия мен Үндістанда білім алған үнді ойшылы үшін екі жүйенің оң жақтарын ескре отырып, өз елінде үнді қоғамының талаптарына жауап беретін, соның ішінде касталық және гендік дискриминациядас тыс, дәстүрлі үнді ғылымдарының оқытылуы, Англия мен Үндістанның тілдері, тарихы мен мәдениеті оқытылатын мектепті ашуы Р.Тагордың өмірінің бөлінбейтін бөлігіне айналды.