ТӘҢІРШІЛДІК ПЕ ШАМАНИЗМ БЕ?
Кілт сөздер:
көне түркілер, дәстүрлі дүниетаным, тәңіршілдік және басқаларАңдатпа
Түркілердің дәстүрлі діни сенімі Тәңірлік сенімі қазіргі ғылыми ортада осы сенімнің діни өкілінің атауына байланысты «шаманизм» деп аталатыны белгілі. Бұл кезінде еуропалықтардың ислам дінін «магометанство» немесе «басурманство» деп төмендете атағаны сияқты көпе-көрнеу бұрмалау болды. Тәңірі сенімінің діни өкілі шаманға немесе бақсыға қатысты шамандық дiн емес—бар болғаны айрықша қасиетi бар жеке тұлғаның жеке iс-әрекетi едi. Өзiне Тәңірі тарапынан бақсылық немесе шамандық қасиет қонған кiсi емшiлiкпен, көріпкелдікпен, адам санасынан тыс кереметтер көрсетумен айналысты.










