Корей тіліндегі сленгтің рөлі мен олардың сөйлеудегі қолданысы
Кілт сөздер:
сленг, лексика, ЮНЕСКО, қоғам,Аңдатпа
Мақалада корей тіліндегі сленгтің рөлі және күнделікті өмірдегі қолданысы сипатталады.
Корей тіліндегі сленгтер өте тез өзгеріп, жаңаланып жиі қолданыста жүреді. Сленгтің
ең көп бөлігі ағылшын тілінен кіргенімен, күнделікті қолданыстағы корей тіліне тез сіңіп,
өз орнын тауып кетті. Мақалада корей тілінің сленгі мен оның қолданыс аясы теориялық-
әдістемелік тұрғыда жан-жақты қарастырылады.










