Жапонша- қазақша саяси-экономикалық терминдер сөздігін құрастыру тәжірибесі мен нәтижесі
Кілт сөздер:
жапон тілінің білімі, сөздік, жапон тілі, қазақ тіліАңдатпа
Қазақстан үшін Жапония мәдени, саяси, экономикалық серіктес болып табылады, және бұдан былай екі ел арасында әртүрлі салада өзара әрекеттестікті нығайту қажеттілігі бар. Қазақстан мен Жапония болашақта да қолайлы саяси-экономикалық серіктестер ретінде ынтымақтасуына екі елдің өзара тілдерін жақсы меңгерген адам қорын дамытып тәрбиелеп шығару қажеттілігі бар деп айта аламыз. Кез-келген тілді меңгеру барысында сапалы да, қолайлы сөздікттердің болуы маңызды жайт. Берілген мақалада жапонша-қазақша саяси-экономикалық сөздікті құрастыру жолдары мен сөздік сапасын анықтау мақсатында жүргізілген сауалнаманың нәтижелері туралы қарастырылған.










