Түркі халықтарында «Әйел» концептісінің сипатталуы
Кілт сөздер:
концепт, түркі халықтары, мәдениет, қоғамдық көзқарасАңдатпа
Әйел тақырыбы – мәңгілік тақырыптардың бірі. Ал кез келген мәдениеттің концепттер
жүйесінде ең маңыздысы – әйел концептісі. Ол әйелдің атқаратын қызметінен, қоғамда
алатын орнынан, өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктерінен құралған стереотиптер жүйесі.
Тарихқа көз жүгіртсек, көшпенді түркі халықтары әрқашанананы қастерлеген. Жарын
сүйген.Қызын қырық үйден тия отырып, алақанына салып әспеттеп еркелеткен. Қызды
қашанда жат жұрттық деп, жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара қазанның иесі, үйдің
ұйытқысы ретінде ұзатқанға дейін тек тәрбие берген.










