Араб тіліндегі кірме сөздер
Кілт сөздер:
араб тілі, арамей тілі, парсы тілі, түрік тілі, кірме сөздер, ассимиляциялануАңдатпа
Кез келген тіл сияқты араб тілі де өзінің ұзақ даму тарихында өзге тілдерге ықпал ете отырып,өзі де сол тілдердің ықпалына ұшыраған. Бұл үдеріс қазір де жалғасын тауып отыр, оны араб тіліндегі кез келген ғылым саласына тән терминдер жүйесінен, тілдің сөздік қорынан көруге
болады. Араб тілінің сөздік қорында өзге тілдерден енген сөз бірліктерінің үлесі айтарлықтай.
Кірме сөздерді қабылдауы мен игеруі жағынан араб тілі – семит тілдерінің ішіндегі ең бай тіл.
Кірме сөздердің араб тіліне ену кезеңдеріне байланысты олардың тілге сіңу және игерілу
дәрежесі әртүрлі. Мақалада араб тілінің сөздік қорындағы кірме сөздер, олардың тілге ену кезеңдері
мен әдістері туралы айтылады.
Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
ФИЛОЛОГИЯ
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Араб тіліндегі кірме сөздер. (2016). Journal of Oriental Studies, 72(2). https://bulletin-orientalism.kaznu.kz/index.php/1-vostok/article/view/685










