Әбу Мансур әл-Матуридидің «Китаб әт- Тәуилат » атты Құран тәпсірі

Авторлар

  • A. B. Akimkhanov Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • А. Sh. Adilbaev Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Кілт сөздер:

Тәпсір, «тәуил », Құран ілімі, тәпсір ілімі, «риуаят » тәпсірі, «дираят » тәпсірі, кәләм ілімі,

Аңдатпа

Әбу Мансур әл- Матуриди– исламның сунниттік бағытындағы  матуридилік кәләм мектебінің  негізін қалап, Ислам  ғылымдарының да-муына  сүбелі үлес қосты. Оның ең елеулі де, қомақты еңбегі  ислам  дінінің ең басты  қайнаркөзі – Құран Кәрімге жасаған тәпсірі болып табылады. Ол аталмыш еңбегінде өз дәуірінде  болған, тіпті бүгінге дейінжалғасын тапқан, дұрыс пайымдалмаған жағдайда мұсылмандардың ауызбіршілігімен татулығына  зат түсіретін сенімге және діннің өзге  де тармақ мәселелеріне қатысты түйіткілді  м әселелерді  Құран аяттарын талдай отырып шешуге тырысты. Осылайша Матуриди саналы ғұмырында Құранды дұрыс түсініп, дұрыс пайымдау әрі өзгелерге түсіндіру мақсатында талмай еңбек етті. Нәтижеде оның Китаб әтТәуилататты еңбегі өзінен кейінгі дираят тәпсірлеріне сонны үлг і олып,ғасырлар  өтсе  де құндылығын жоғалтпайтын  ислам дінінің ойсана  тарихындағыең елеуліең бектердің біріне айналды.

Жүктеулер

Жарияланды

2016-05-04