Әл-Фарабидің шетелдерде зерттелу тарихынан
Кілт сөздер:
әл-Фараби, шетел философтары, саяси трактаттар, қайырымды қалаАңдатпа
Қазіргі заманда шетелдерде әл-Фараби шығармашылығын зерттеу жұмыстары философтар тарапынан өз жалғасын тауып келе жатыр. Мұсылман ғалымдары әл-Фараби еңбектерінен ислам дінінің негізгі доктринасын қолдағандығын тапқанын жазады. Олар қазіргі кезде әлемде интеллектуалдық ұмтылыстардың масштабтары мен қарқындылығы орта ғасырлардағы бабаларымызға қарағанда жоғары деп пайымдайды. Сондықтан жақсылық пен жамандықтың, маңыздылық пен жанамалықтың айырмасын түсіну үшін, әл-Фараби сынды ірі тұлғаның еңбектерінің исламды тануға мүмкіндік ашатын қосымша дереккөздер ретінде зерттеу қажет екендігі көрсетіледі.
Еуропалық философтар әл-Фарабидің маңызы мен сонылығын оның әлемнің көп ұлттарын данышпан билеушінің қол астына біріккен бір саяси ұйым ретінде көруімен байланыстырады немесе әл-Фарабидің тұңғыш рет арабизм мен эллинизмнің өзара кірігуіне әкелгендігімен байланыстырады. Әл-Фарабидің ортағасырлық Еуропа ойшылдарына үлкен ықпал еткені- жоғары баға алған факт.
