1980-1990-жылдардағы Египеттің араб елдерімен қатынасы
Кілт сөздер:
Египет, қатынас, араб елдері, Араб Елдері Лигасы, сыртқы саясат.Аңдатпа
Египеттің осы уақытқа дейін араб әлемінің ынтымақтастығын, саяси бірлігін әрі халықаралық
сахнада өзіне бауырлас мемлекеттердің мақсат- мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бар күш-жігерін жұмсап келгендігі барша әлемге аян. Бауырлас араб елдерімен қатынасын
қайта қалпына келтіру Египет үшін өте маңызды. 1979 жылғы Кэмп-Дэвид келісімінен кейін
араб елдерінің тарапынан оқшауландыру саясатына ұшыраған Мысыр жаңа үкімет келген соң аймақтық көшбасшылығын қайта қайтаруды көздей отырып, достық сипатта өз қатынастарын біртіндеп жандандыра түсті. Сондай-ақ Египет Араб Республикасы Таяу Шығыс аймағындағы жағдайды да ұтымды пайдалана білді. Египеттің араб елдерімен қатынасына екі жақта мүдделі
еді. Бір аймақта орналасқан бауырлас мемлекеттердің ұзақ мерзімде бірінсіз-бірі өмір сүруі
де мүмкін емес болатын. Бұл аймақтағы елдер әлуметтік- экономикалық және де мәдени дамуы
жағынан бірі- біріне тәуелді екені сөзсіз.










