Қытай тіліндегі атау сөздер мен олардың қолданылуы

Авторлар

  • G Akhmetbek Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А S Koybakova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

атау сөздер, термин, лингвомәдениет, апеллятив, лексикалық категория, референтивті атаулар, вокативтер

Аңдатпа

Ертеден қалған «Аты анық болса заты қанық » болады деген себеп салдарлық байланысты
білдіретін сөз бар. Мұнда айтылған қағида мынадай: мәселені талдамас бұрын, ең алдымен
оның атауының білдіретін мағынасын дұрыс анықтап алған жөн. Алдымен атауының мағынасын
айқындап алғанда ғана, талданатын мәселенің нысаны мен көлемін анықтап алуға болады.
Сонда ғана мәселені түп-тамырына жеткізіп талдау жасауға болады. Ендеше, атау сөз (称谓语)  дегеніміз не? Берілген мақалада қытай тіліндегі атау сөздерге берілген анықтамаларға тоқталып,
оларға талдау жасалады. Сонымен қатар атау сөздердің қолданылу ерекшеліктері баяндалады.