Қытай тіліндегі сөз тіркесінің басқа тілдік бірліктермен арақатынасы
Кілт сөздер:
сөз тіркестері, күрделі сөздер, семантика, морфема.Аңдатпа
Қытай тілінің негізгі байлығы – оның сөздік қоры. Осы байлықтың қалай жиналғандығын, алуан түрлі сөздердің қыры мен сырын, олардың қалай қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасалу тетігін жүйелі түрде арнайы зерттеу бүгінгі күннің талабы.
Алайда қытайдың бай сөздік қоры бірден қалыптасқан жоқ, оның лексикасы үнемі толығып,
дамып, байып отырған. Туыс емес екі тілдің сөз тіркесінің құрылымдық жүйелеріндегі ұқсастықтары
мен айырмашылықтарын, әр тілдің өздеріне ғана тән ерекшеліктерін анықтау, сонымен
қатар қазіргі қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің басқа тілдік бірліктермен арақатынасын,
құрылымдық түрлерін, жасалу жолдарын, семантикасын салғастыру мәселелерін қарастыру мақалаға
арқау болған
