Хинди тіліне ағылшын сөздерінің ену себептері
Кілт сөздер:
хинди тілі, ағылшын тілі, англицизмдер, тіл саясаты.Аңдатпа
Мақаланың мақсаты хинди тіліне ағылшын сөздерінің ену себептерін саралау болып табылады.
Хинди тілі мен ағылшын тіліне байланысты Үндістанның ресми құжаттары талданып, тілдік
саясат мәселесі қарастырылды. Хинди тілінің лексикасындағы ағылшын сөздері – үнді-
ағылшын тарихи, саяси, мәдени, әлеуметтік, тілдік байланыстарының айқын көрінісі болып
табылады және олардың енуіне ағылшын тілінде бұқаралық ақпарат қызметінің дамуы,
білім беру жүйесінің жолға қойылуы, христиан миссионерлерінің насихаты, үкімет істерінің
ағылшын тілінде жүргізілуі сынды факторлар негіз болғандығы тұжырымдалды.










