МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫН ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ КӨРКЕМ АУДАРУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS201194126

Аңдатпа

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы – қазақ әдебиетінің бай қазынасы, інжу-маржаны. Бұл шығармада қазақ халқының рухани дүниесі мен мәдени мұрасы терең бейнеленген. Роман көркемдік құндылығы жағынан ғана емес, сондай-ақ мәдениетаралық коммуникация мен лингвомәдениеттану салалары үшін маңызды дереккөз.

Мақалада «Абай жолы» романының қытай тіліне көркем аудармасының ерекшеліктерін қарастыру, түпнұсқадағы мағыналар мен бейнелерді, ұлттық-мәдени реалийлерді жеткізуде қолданылған негізгі аударма әдістерін анықтау көзделеді. Аталған шығарманың аударма тәжірибесін талдау аударматану теориясы үшін ғана емес, сонымен қатар филология, мәдениеттану және әдебиеттану сияқты ғылым салалары үшін де өзекті болып табылады.

Зерттеу барысында жүйелі және салыстырмалы талдау әдістері, сондай-ақ жинақтау мен абстракциялау тәсілдері қолданылды. Талдау нәтижесінде романның қытай тіліне аударылуында сипаттамалы аударма, транслитерация, лексикалық алмастыру және сөздерді түсіріп қалдыру тәсілі (түсіріп қалдыру) сияқты түрлі аударма тәсілдерінің қолданылғаны анықталды.

Зерттеу нәтижелерін аударматану, тіл мен әдебиетті оқытуға байланысты пәндер аясында қосымша материал ретінде пайдалануға, сондай-ақ мәдениетаралық коммуникация саласы бойынша мамандар даярлау ісінде қолдануға болады.

Түйін сөздер: сипаттама аударма, күнделікті тұрмыс, ана тілі, қазақ мәдениеті, көркем аударма.

Автор өмірбаяндары

  • Цзян Вэнь, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Цзян Вэнь – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: jiang.wen0411@gmail.com).

  • А.М. Нуржаева, SDU University, Қаскелең, Қазақстан

    Нуржаева Алина Маратовна – PhD доктор, Білім беру және гуманитарлық ғылымдар мектебінің аға оқытушысы, SDU University (Қаскелең, Қазақстан, e-mail: nurzhayeva@gmail.com).

  • Р.Б. Джельдыбаева, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы, Қазақстан

    Джельдыбаева Раушан – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: nawrao@mail.ru).

  • А.П. Бисенбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Бисенбаева Әсел Пазылбекқызы – PhD доктор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: meilili0707@gmail.com).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-31

Журналдың саны

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ