ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ШЫҒЫС ҚОЛЖАЗБАЛАРЫНЫҢ ПАЛЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Авторлар

  • Н.Д. Сұлтанбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • З. Шадкам Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202611838

Аңдатпа

Палеографияның зерттеу бағыты қолжазбалар, құжаттар мен хаттарда қолданылған жазу үлгілері мен каллиграфиялық ерекшеліктерін талдауға бағытталған. Палеографияның міндеттерінің ішінде қолжазбалардағы жазу стильдерінің тарихын, олардың графикалық формаларының даму кезеңдерін, жазба жәдігердің жазылу уақыты мен авторын анықтау болғандықтан, кодикология саласымен тығыз байланысты. Сонымен қатар бұл сала алғашқы куфа жазуынан бастап заманауи каллиграфиялық кескіндемеге дейінгі әртүрлі формалардағы жазу стильдерін де қарастырады.

Каллиграфиялық стильдер тек көркемдік безендіру үшін ғана емес, сонымен қатар жазылған уақыттаындағы қоғам мен мәдениеттің өзіндік келбетін көрсету құралы ретінде қолданылды. Демек, жазу стильдерінің көмегімен сол кезеңнің тарихы мен мәдениеті туралы мәлімет алуға мүмкіндік бар. Бұл зерттеу шығыс қолжазбаларының жазу дәстүріне назар аудара отырып, XV–XVII ғасырлардағы жазба жәдігерлерінің жан-жақты палеографиялық сипаттамасын ұсынады. Оның ішінде шағатай және парсы қолжазба мәдениетіне бағытталып, сонымен қатар османлы жазу дәстүрінен алынған мысалдар келтіріледі. Қазіргі уақытқа дейін араб-парсы каллиграфиясы, османлы қолжазба мәдениеті жайында көптеген құнды еңбектер мен зерттеулер жасалуда. Дегенмен, ортағасыр Орта Азия мәтіндеріне тән палеографиялық ерекшеліктері, әсіресе олардың каллиграфиялық, эстетикалық дәстүрлері мен жазушы тәжірибелері жайлы ғылыми еңбектер салыстырмалы түрде аз зерттелген. Осыған байланысты, бұл мақалада шағатай қолжазбаларының негізгі каллиграфиялық және материалдық ерекшеліктерін айқындауды мақсат етіп, оларды парсы және османлы жазба дәстүрлерінің қалыптасқан үлгілерімен салыстырмалы түрде қарастырамыз. Мақала барысында әртүрлі өңірлік дәстүрлерге тән ортақ және айрықша белгілер мысалдар арқылы талданып, шығыс қолжазбалары арасындағы өзара ықпалдастық мәселелері де кешенді түрде көрсетіледі. Әдістемелік тұрғыдан бұл зерттеу салыстырмалы палеографиялық талдауларды қолданады. 

Мақалада сандық қолжазба қорынан алынған, атап айтқанда, Түркия Жазба Ескерткіштер мекемесінің цифрлық кітапханасынан және ҚР Ұлттық кітапханасы Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан алынған бейнелер арқылы нақты мысалдар келтіріліп, парсы және шағатай тілдерінде жазылған жазба жәдігерлердің жазу стильдері көрсетіледі.

Түйін сөздер: каллиграфия, палеография, кодикология, шығыс қолжазбалары, жазу стильдері, көркем жазу өнері.

Автор өмірбаяндары

  • Н.Д. Сұлтанбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Сұлтанбаева Нұргүл Дәулетқызы – докторант, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасы (Алматы, Қазақстан, e-mail: nur.sultanbayeva@gmail.com)

  • З. Шадкам, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Шадкам Зубайда – филология ғылымдарының кандидаты, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасы (Алматы, Қазақстан, e-mail: zubaida.68@gmail.com).

Жарияланды

2026-09-08

Журналдың саны

Бөлім

ШЫҒЫС ДЕРЕКТАНУЫ