ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ «РИСАЛА ФИ-С СИАСА» (RISĀLA FI-S SIYASA) ТРАКТАТЫНЫҢ ҚОЛЖАЗБАЛАРЫНА ТАРИХИ-ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • А. Хаван Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Ф. Жумажанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JOS202611727

Аңдатпа

Мақала ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасын деректану ғылымының әдістері тұрғысынан зерттеудің маңыздылығын көрсетуді мақсат етеді. Ойшылдың жазба мұрасы ең алдымен қолжазба күйінде әлемге таралғаны белгілі. Зерттеудің жаңалығы ХХ ғасырдың басында (1901 ж.) әлемдік фарабитану ғылымына тұңғыш рет Әбу Насыр әл-Фарабидің жазба мұрасы ретінде танылған «Рисала фи-с Сиаса» (Risala fi-s Siyasa) (السیاسة في رسالة) трактатының біздің ғылыми зерттеуіміздің нәтижесінде әлем мұрағаттарында сақтаулы онға жуық қолжазба нұсқаларының табылуы мен ол қолжазбалардың деректану ғылымының тың көзқарастары мен әдіс-тәсілдері арқылы зерттеу нысанына алынып, тарихи-хронологиялық реті анықталуымен ерекшеленеді. Зерттеудің міндеті ретінде отандық фарабитану ғылымының деректанулық бағытын дамытудың маңыздылығын көрсету, ол үшін ойшыл әл-Фарабидің ғылыми мұрасын тікелей қолжазбадан оқи алатын арнайы мамандарды даярлаудың қажеттігі атап өтіледі.

Әл-Фарабидің жазба мұрасын зерттеуде деректану ғылымының әдіс-тәсілдері қатар жүруі маңызды. Себебі бір трактат бірнеше нұсқада көшіріліп, түрлі мұрағат қорларда сақталады. Ол нұсқалардың көшірілуі, сақталу ортасы, безендірілуі, уақыты, мәтіні, кодикологиялық ерекшеліктері мен кодикологиялық мәліметтері түрлі болып келеді. Осы тұрғыдан келгенде «Рисала фи-с Сиаса» (Risala fi-s Siyasa) трактатының қолжазба нұсқаларына тарихи-хронологиялық талдау жасау зерттеудің ғылыми құндылығын арттыра түседі. Зерттеудің нәтижесі ретінде жинау, сұрыптау, сипаттау, талдау, жүйелеу, тарихи-хронологиялық, кодикологиялық зерттеу әдістері арқылы «Рисала фи-с Сиаса» (Risala fi-s Siyasa) трактатының ғылыми-әдістемелік жағынан зерттелуі жетілдіріліп, тарихи-хронологиялық, палеографиялық және кодикологиялық мәліметтері айқындалады.

Түйін сөздер: Әбу Насыр әл-Фараби, деректану, қолжазба, «Рисала фи-с Сиаса» трактаты, «әл-Мауъиза» нұсқасы, тарихи-хронологиялық талдау.

Автор өмірбаяндары

  • А. Хаван, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Хаван Айдынгүл – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: aidyngulk@gmail.com).

  • Ф. Жумажанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Жумажанова Фарида Токановна – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: zhumafarid@gmail.com).

Жарияланды

2026-06-19

Журналдың саны

Бөлім

ORIENTAL SOURCE STUDIES