ОТАРЛЫҚ МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ДАЛА ҚАРСЫЛЫҒЫ: ЖӘҢГІР ХАН МЕН ШАҺИН ГИРЕЙ ЖАПОНИЯ, ҚЫТАЙ ЖӘНЕ КОРЕЯ РЕФОРМАЛАРЫМЕН САЛЫСТЫРУ

Авторлар

  • М.Г. Шолахов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JOS202611725

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Қырым хандығының соңғы ханы Шахин-Гирей мен Ішкі (Бөкей) Орда ханы Жәңгірдің жаңғырту бағдарламаларының ерекшеліктері мен шектеулерін Жапониядағы Мэйдзи дәуірі, Қытайдағы «Өзін-өзі күшейту» қозғалысы және Кореядағы (Кабо, Кванму) реформалармен салыстырмалы-тарихи талдау негізінде айқындау. Зерттеу нәтижелері «жаңару» мен «ағарту» ұғымдарының сыртқы ұқсастығына қарамастан, дала билеушілерінің реформалары шектеулі егемендік пен отарлық қысым жағдайында жүзеге асқанын көрсетеді. Жапонияда модернизация ұлттық мемлекетті нығайтудың тиімді құралына айналса, Шахин-Гирей мен Жәңгір хан Осман және Ресей империяларының ықпалында қалыптасқан тәуелді саяси кеңістікте әрекет етіп, «отарлық сипаттағы модернизацияны» іске асыруға мәжбүр болды. Зерттеуде реформалардың әлеуметтік негізіне, элиталық қолдау тетіктеріне және қарсылық факторларына айрықша назар аударылады. Ноғай-татар ақсүйектерінің ұстанымдары, Қырым қоғамындағы наразылық көріністері, сондай-ақ Жәңгір ханға қарсы бағытталған қазақ көтерілістері жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Жәңгір хан мен Шахин-Гирей жүргізген реформаларды Жапония, Қытай және Кореядағы модернизациялық үдерістермен салыстырмалы тұрғыдан талдау арқылы дала кеңістігіндегі «отарлық модернизацияның» ерекшеліктері мен шектеулерін, сондай-ақ оған қарсы әлеуметтік-саяси қарсылық формаларын айқындау. Зерттеудің практикалық маңызы – «кейінгі Шығыс» кеңістігіндегі модернизациялық үдерістерді салыстырмалы талдаудың теориялық-әдіснамалық өлшемдерін нақтылауында. Алынған нәтижелерді реформалар тарихы мен отарлық трансформацияларды оқытуға арналған курстарды әзірлеуде, сондай-ақ Қырым хандығы, Қазақ даласы және Шығыс Азия тарихына қатысты жинақтаушы еңбектер дайындауда қолдануға болады. Қорытындыда дала билеушілерінің реформалары Шығыс Азиядағы модернизациялық үдерістердің «сәтсіз көшірмесі» емес, империялық жүйе жағдайында өмір сүру мен бейімделудің өзіндік стратегиясы болғаны негізделеді. Осыған байланысты «сәтті» және «сәтсіз» модернизация туралы бинарлы үлгілерді қайта қарастыру қажеттігі айқындалады.

Түйін сөздер: Жәңгір хан, Бөкей Ордасы, қазақ даласы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, реформалар, Мэйдзи дәуірі.

Автор өмірбаяны

  • М.Г. Шолахов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    Шолахов Мурат Ғарифоллаұлы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторанты, Жошы ұлысы ғылыми институтының кіші ғылыми қызметкері (Астана, Қазақстан, e-mail: muri777@mail.ru).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-19

Журналдың саны

Бөлім

HISTORY AND POLITICS OF THE COUNTRIES OF THE EAST