ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ COVID-19: ЖАПОНИЯДАҒЫ АҚЫЛДЫ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

  • Х.Р. Қуатова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Ж.Е. Ашинова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • A. Oгихара Васеда Университеті, Сайтама, Жапония

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JOS202611724

Аңдатпа

Қазіргі дамыған заманда цивилизацияның деңгейі қоғамның дамуы мен эволюциясына деген қажеттілікті күрт арттырды. Society 5.0-нің қалыптасуы мен дамуы Жапонияда басқа елдерге қарағанда айқын байқалды. Мақаланың негізгі мақсаты – жапондық тәжірибеге сүйене отырып Society 5.0 концепциясының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктерін қарастыру және оның негізгі құрамдас бөліктерін айқындау. Зерттеу барысында талдау әдісі қолданылып, қоғамның цифрлануының негізгі элементтері зерттелді. Ал тарихи әдіс арқылы ақпараттық технологиялардың барлық елдердегі салыстырмалы ерекшеліктері қарастырылды. Мақалада «цифрлық қоғам» ұғымының семантикалық элементтері – негізгі сипаттамалары, ерекшеліктері, орын алған факторлары талданды. ХХІ ғасырдың басында қазіргі халықтың өз деңгейінде қажетті мүмкіндіктері орын алмағандықтан, адам мен цифрлық технологиялардың симбиозына негізделген жаңа қоғам құру қажеттілігі туындады. Этикалық тұрғыдан алғанда, дени мәселелерді көтереді: адам мен роботтандырылған интеграциясы болашақта жапон қоғамына қалай әсер ететіндігі маңызды. Пандемияда орын алған шектеулер негізінде Жапонияда XXI ғасырдың басында цифрлық қоғам жүйелі түрде қалыптаса бастады. Адамзаттың әлеуметтік оқшаулануына байланысты онлайн медициналық қызметтерге, қашықтықтан білім беруге және әлеуметтік желілер арқылы қарым қатынас жасауға сұраныс артты. Жапондық тәжірибесін талдай отырып, Қазақстанда осындай цифрлық қоғам модельдерін енгізуге қажетті құрылымдық және институционалдық алғышарттар бар деген қорытынды жасалды. Зерттеу нәтижелері ғылыми зерттеулерде, мемлекеттік және әлеуметтік даму стратегияларын әзірлеуде практикалық негіз бола алады.

Түйін сөздер: Жапония, Society 5.0, жасанды интеллект, Заттар интернеті, робототехника, депопуляция, пандемия.

Автор өмірбаяндары

  • Х.Р. Қуатова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Х.Р. Қуатова – PhD докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: kuatova.khanymay1@gmail.com).

  • Ж.Е. Ашинова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Ж.Е. Ашинова – тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: ashinova@kaznu.kz).

  • A. Oгихара, Васеда Университеті, Сайтама, Жапония

    Огихара Ацуси – PhD, профессор, Васеда университеті (Сайтама, Жапония, e-mail: aogi@waseda.jp).

Жарияланды

2026-06-19

Журналдың саны

Бөлім

HISTORY AND POLITICS OF THE COUNTRIES OF THE EAST