ТҮРІК ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АТАУЛАРЫНДАҒЫ ТҮР-ТҮС АТАУЛАРЫ: СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Ш.Д. Бүркітбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • А.Е. Токсеитова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Н.Ш. Шаммаева Сейитназар Сейди атындағы Түркімен мемлекеттік педагогикалық институты, Түркіменабад, Түркіменстан

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JOS202611722

Аңдатпа

Мақала түрік ұлттық ойын атауларындағы түр-түс компоненттерінің семантикасы мен этномәдени мазмұнын кешенді талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – түрік ұлттық ойын атауларындағы түр-түс компоненттеріне семантикалық және этномәдени талдау жасай отырып, олардың ойын құрылымындағы атқаратын қызметін анықтау және лингвомәдени табиғатын сипаттау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін ойын атауларының құрамындағы ақ, қара, қызыл, көк, сары, жасыл, ала және күлгін түстерінің номинативтік, символикалық және когнитивтік мәндері сараланды. Зерттеудің негізгі тілдік деректері (linguistic data) ретінде түрік және қазақ дәстүрлі ойындарына арналған этнографиялық, фольклорлық және тілтанымдық еңбектердегі материалдар мен ғылыми басылымдардағы лингвистикалық корпустар пайдаланылды. Талдау барысында сипаттамалық, семантикалық және этнолингвистикалық әдістер жүйелі түрде қолданылды. Зерттеу нәтижелері ұлттық ойын атауларындағы түр-түс атауларының тек номинативтік қызмет қана емес, сонымен қатар ойын кеңістігін ұйымдастыратын, қатысушылардың иерархиялық рөлін айқындайтын мағыналық маркер екенін көрсетті. Түр-түс компоненттері бар ойын атауларының «түс атауы + зат есім» және «түс атауы + етістік» сияқты құрылымдық-семантикалық үлгілері жіктеліп, олардың этномәдени табиғаты нақты тілдік деректермен негізделді. Мақала түрік халықтарының ортақ символдық ойлау жүйесін және мәдени кодтарын тілдік бірліктер арқылы тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: түрік ұлттық ойындары, ойын атаулары, семантика, этномәдени мазмұн.

Автор өмірбаяндары

  • Ш.Д. Бүркітбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Бүркітбаева Шынарай Дубировна – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түркология және тіл теориясы кафедрасының доценті м.а. (Алматы, Қазақстан, e-mail: burkitbaeva.1975@mail.ru).

  • А.Е. Токсеитова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Токсеитова Айдана Ерғалиқызы – «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: atokseito@gmail.com).

  • Н.Ш. Шаммаева, Сейитназар Сейди атындағы Түркімен мемлекеттік педагогикалық институты, Түркіменабад, Түркіменстан

    Шаммаева Нарбибиш Шамурадовна – ф.ғ.д., профессор, Сейитназар Сейди атындағы Түркімен мемлекеттік педагогикалық институты (Түркіменабад, Түркіменстан, e-mail: narbibish06@mail.ru).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-19

Журналдың саны

Бөлім

ORIENTAL PHILOLOGY