ИРАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ «ШЫҒЫСҚА БЕТБҰРЫС» БАҒЫТЫ

Авторлар

  • Б.К. Базаркулова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0001-9799-677X
  • К.Т. Габдуллин Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-3096-6351

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JOS202511433

Аңдатпа

Соңғы жылдары  Иран Ислам Республикасының  сыртқы саясатында «Шығысқа бетбұрыс» бағытына басымдық беріліп келеді. Бұл бағыттың дамуы 1990 жж. басталды және Иранға Батыстың қысымы артқан сайын Шығыс елдерімен байланыстар тереңдей түсті. Бұл мақаланың мақсаты – ИИР сыртқы саясатындағы «Шығысқа бетбұрыс» стратегиясының кезеңдері мен бағыттарын  қарастыру. Салыстырмалы-тарихи және хронологиялық сараптау әдістері негізінде бұл стратегияның қалыптасу себептері, жүргізілу жолдары мен кезеңдері, қол жеткізген нәтижелерін анықтау мақсатында  зерттеулер жүргізілді. Иран, Ресей және Батыс ғалымдарының мақалаларын сараптай келе, «Шығысқа бетбұрыс» стратегиясының қалыптасуына әлемдегі геосаяси жағдайдың өзгеруі, Иранның ядролық бағдарламасына байланысты Батыстың қысымының күшеюі әсер етті деп түйін жасауға болады.  «Шығысқа бетбұрыс» стратегиясының негізгі бағыттары  ретінде Иранның Ресей, Қытай және Үндістанмен байланыстары, соның ішінде ортақ саяси және экономикалық мүдделері сарапталды. Сондай ақ Иранның халықаралық ұйымдарға қосылу саясаты қарастырылды. Шығыс елдерімен байланыстарды тереңдету елдің геосаяси және экономикалық мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған. «Шығысқа бетбұрыс» стратегиясының  мәні мен бағыттарын анықтау Иранның сыртқы саясатын және халықаралық қатынастардағы рөлін сараптауға мүмкіндік береді.

    Түйін сөздер: Иран, сыртқы саясат, Шығысқа бетбұрыс, Ресей, Қытай, Үндістан, халықаралық ұйымдар

 

Автор өмірбаяндары

  • Б.К. Базаркулова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Базаркулова Бакытгуль Копбаевна, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты,  Алматы, Қазақстан

  • К.Т. Габдуллин, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Габдуллин Кенжебек Тулепбергенович, PhD, КазНУ им. аль-Фараби, Алматы,  Казахстан.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-18

Журналдың саны

Бөлім

HISTORY AND POLITICS OF THE COUNTRIES OF THE EAST