АРАБ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕРІ

Авторлар

  • О. Амангелди Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-0682-6017
  • Т. Курт Гази университеті, Түркия, Анкара https://orcid.org/0000-0001-9372-1736
  • Л. Токаева Еуразия технологиялық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-4041-4748
  • A. Нұрбаева Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Қазақстан, Қызылорда қ. https://orcid.org/0000-0003-1173-7027

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202511324

Аңдатпа

Мақалада араб географиялық зерттеулерінің оқушылардың географиялық мәдениетін қалыптастыруға әсері қарастырылады. Жалпы білім беретін мектептердің География пәнін оқытуға арналған оқулықтарын талдау - араб зерттеушілері мен географтарының жетістіктері жеткілікті түрде қамтылмағанын көрсетті, бұл география ғылымының тарихын біржақты қабылдауға әкеледі. Зерттеу араб ғалымдарының жетістіктерін, олардың әлемдік ғылымға қосқан үлестерін және осы білімді білім беру процесіне біріктірудің мүмкін жолдарын қарастырады.

Зерттеу әдістемесі ғылыми және тарихи дереккөздерді талдауды, мектеп бағдарламаларын зерттеуді және жаңа әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып педагогикалық экспериментті қамтыды. Ұсынылған Әдістемені сынақтан өткізу барысында мектеп практикасында оқушылардың географиялық мәдениетінің деңгейі және олардың әртүрлі өркениеттердің үлестерін талдау қабілеті бағаланды.

Зерттеу нәтижелері араб әлемінің географиялық жетістіктеріне жеткіліксіз назар мұғалімдерге арналған қосымша тапсырмалар мен әдістемелік ұсыныстармен өтелетінін көрсетті. Мектеп бағдарламасына халықаралық проблематиканы енгізу жаһандық ойлауды, сыни талдауды және мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Осылайша, араб зерттеулерін зерттеу арқылы географиялық білім беру мазмұнын кеңейту ғылымның дамуы туралы біртұтас түсінік алуға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: араб географтары, география ғылымы, географиялық мәдениет

 

Автор өмірбаяндары

  • О. Амангелди, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Амангелди Озерке (корреспондент автор) – «8D01503 – География» (география мұғалімдерін дайындау) білім беру бағдарламасының докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: ozerke1990@gmail.com)

  • Т. Курт, Гази университеті, Түркия, Анкара

    Туркер Курт – PhD, Білім Беру Факультетінің қауымдастырылған профессоры, Гази университеті (Анкара қ., Түркия, эл.пошта: turker@gazi.edu.tr)

  • Л. Токаева, Еуразия технологиялық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Токаева Ляйли Абдулазизовна – э.ғ.к., Еуразия технология университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: gulshatt07@mail.ru )

  • A. Нұрбаева, Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Қазақстан, Қызылорда қ.

    Нұрбаева Арай – жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні мұғалімі (Қызылорда қ., Қазақстан, эл.пошта: nurbaevaaray47@gmail.com)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-15

Журналдың саны

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ