Корей-орыс аудармасына арналған оқулық әзірлеу: мобильді қосымша

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v95.i4.08

Аңдатпа

Бұл жұмыста корей тілінен орыс тіліне аудару үшін оқу материалын, сондай-ақ автор жасаған Android құрылғыларына арналған мобильді қосымшаны құру қажеттілігін зерттеу нәтижелері сипатталған. Ол үшін автор әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті «Аударма ісі (корей тілі)» мамандығының 3-4 курс студенттері арасында сауалнама жүргізді. Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысып шолу жасау мен өткізілген сауалнама негізінде қолданбалы оқулық-мобильді қосымшаның негізгі тараулары мен практикалық жаттығулар тұжырымдалды. Мобильді қосымшадағы практикалық тапсырмалар лингвистикалық құзыреттілік (екі тілде), мәдениетаралық құзыреттілік, ғылыми құзыреттілік, техникалық құзыреттілік, тақырыптық құзыреттілік, трансфер құзыреттілік, қызмет көрсету құзыреттілігі және этикалық құзыреттілік деген сияқты студенттердің ауызша аударма құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Бұл қосымшаны студенттер жеке өздігінен оқу үшін де, корей тілінен орыс тіліне практикалық ауызша аударма сабақтарында қосымша материал ретінде де қолдана алады. Бұл зерттеу студенттердің қажеттіліктерін ескеретін және орыс тіліне аударма жасайтын студенттерді ынталандыратын корей тілінен аударма үйренуге арналған қосымшаны бірінші болып жасағанымен маңызды. Түйін сөздер: ауызша аударма, корей тілі, ауызша аударма құзыреттілігі, мобильді қосымша, жаттығулар.

Жарияланды

2020-12-17