Қытай және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің грамматикалық құрылымы

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v95.i4.07

Аңдатпа

Әр халықтың әлемдегі мәдени көрінісі ерекше және өмір сүру жағдайлары, тарихы, әлеуметтік құрылымы, дәстүрлері, өмір салты сияқты факторлармен анықталады. Әлемнің мәдени көрінісі өзінің барлық көзқарастарымен лингвистикалық құралдармен дәлелденеді, соның арқасында әлемнің лингвистикалық бейнесі туралы сөйлесуге болады және ойлау деңгейінде қалыптасқан және мәдениеттануға негізделген тұжырымдамаларды салыстыруға және өзара салғастыруға болады. Мақал-мәтел халықтың ерекше тілдік формасы болғандықтан, лексикология грамматиканы зерттеу нысаны болып табылады. Сөйлемнің құрылымы жағынан, қытай және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің көбісі ұзын және қысқа болып келеді, жинақы, қытай және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдерде жәй сөйлемнен және күрделі сөйлемнен келетін мақалмәтелдер бар, эллипстикалық сөйлемдер де кездеседі. Қытай және қазақ тілдеріндегі мақалмәтелдердің сөйлем құрылымы және грамматикалық құрылымы жағынан ұқсастықтары және айырмашылықтары кездеседі. Екі тілдегі мақал-мәтелдерді грамматика жағынан салыстырсақ, екі тілдегі мақал-мәтелдердің ерекшеліктеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көруге болады. Берілген мақалада генеологиялық тілдер тобы жағынан екі түрлі қытай және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің грамматикалық құрылымы жағынан ұқсастықтары мен айырмашылықтары қарастырылған. Екі тілдің мәдениет пен тіл тұрғысынан өзара байланысын көрсету негізінде әлемдік тілдік бейне арқылы көрінетін ұлттық дүниетанымды терең түсінуге мүмкіндік береді. Түйін сөздер: мақал, мәтел, фразеологизм, паремия, дағдылы сөздер, фраза, идиома, тұрақты тіркес.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-16