Түркияның мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың алғышарттары

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v95.i4.05

Аңдатпа

Осы мақалада Түркияның соңғы 20 жыл ішіндегі мемлекеттік басқару мәселесінің кейбір теориялық тұжырымдамалық аспектілері қарастырылған. Оның ішінде мемлекеттік және әкімшілік басқаруды реформалауға қатысты алғышарттар зерттеліп, сондай-ақ, бұрынғы зерттеулерден түйінді ойлар талқыланып, салыстырылып, синтезделіп, жаңа тұжырымдар ұсынылған. Түркия үлгі болатындай мемлекетке айналып, көптеген салаларда жүргізілген түрлендірулермен алға шықты. Әр салада болатын трансформация процесі терең зерттеу объектісі болып саналады. Жаңа либералды үрдістермен мемлекеттің экономикалық тәртіптегі рөліне күмән туды және 1980 жылдардың басынан бастап басқару парадигмасында елеулі өзгерістер орын алды. Дәстүрлі мемлекеттік басқару өзінің теориялық және практикалық аспектілері бойынша беделін жоғалтты және оның орнына жаңа мемлекеттік басқару тәсілі келе бастады. Жаңа әкімшілік парадигма, мемлекеттің қоғамдағы рөлі үкімет, бюрократия, нарық пен азаматтар арасындағы қатынастарды қайта құруға бағытталған. Бұл зерттеуде экономикалық трансформация туралы да айтылады. Бұрын тек аймақтық және ұлттық ауқымда әрекет еткен ұйымдар жаһандануды ескере отырып, халықаралық дамуды назарда ұстады. Технологиялардың дамуы байланыс өрістерін кеңейтіп, экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өзара әрекеттесуді арттырды. Бұл процесс жеке және әлеуметтік салаларға әсер етіп қана қоймай, басқару мәдениетінің өзгеруіне түрткі болды. 2000 жылдары Түркия экономикасының ұзақ уақытқа созылған эволюциясы өткен кезеңмен салыстыра талданады, біз қазіргі жағдайды талдаумен қатар, болашаққа арналған болжамдар мен саяси ұсыныстар беруге тырыстық. Түйін сөздер: Түркия, мемлекет, мемлекеттік басқару.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-16