Қытай халық банкінің монетарлы саясатының елдің экономикалық дамуына әсері

Авторлар

  • E.M. Kagazbaeva Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml http://orcid.org/0000-0001-6756-4853
  • А.Е. Malimova Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана, http://orcid.org/0000-0001-9753-7231

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JOS.2020.v95.i4.04

Аңдатпа

Бұл мақалада Қытайдың қазіргі заманғы монетарлық саясаты зерттеледі. ҚХР Орталық банкінің монетарлық саясатына және оның жекелеген құралдарының экономикалық өсуге әсеріне талдау жүргізілуде. Қазіргі уақытта Қытайдың Орталық банкі тәуелсіз монетарлы саясатын жүргізеді және оны жүзеге асыру үшін бірқатар классикалық және заманауи құралдарды қолданады. Бұл бүкіл Қытай экономикасының жағдайына оң әсерін тигізеді. Мақала авторлары монетарлы саясатын тиімді жүзеге асыру, тұрақты қаржы нарығы мен халықтың мемлекетке сенімі болған жағдайда ғана мүмкін деп тұжырымдайды. Қытайдың монетарлық саясатының тікелей және жана ма әдістері экономикалық өсуге ықпал етеді. Тікелей әдістер Қытай Халық Банкінің белгілі бір жобаларды тікелей қаржыландыруынан, сондай-ақ белгілі бір бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру үшін коммерциялық банктерге несие беруден тұрады. Жанама әдістер ұсынымдарды тұжырымдаудан, сондай-ақ қаражатты экономиканың басым салаларына қаржыландырумен және инвестициялаумен айналысатын қаржы институттары үшін жағдайлар жасаудан тұрады. Қытай монетарлық саясатты жүргізуде жалпы әлемдік үрдістерді көшіруге ұмтылмайды, ол экономиканың ағымдағы қажеттіліктеріне бағытталған ақша-несие саясатын жүргізеді. Қытайдың банк жүйесін дамытудың негізгі бағыттары Ұлттық валютаның нығаюына байланысты. Авторлар Қытай Халық Банкінің мақсаттары мен құралдары экономикалық жағдайларға сәйкес түзетіледі деген қорытындыға келеді. Банк жүйесі арқылы Қытай экономиканың нақты секторын дамытады, экономикалық өсуді ынталандырады, ұлттық валютаны нығайту саясатын жүргізеді және инфляцияны экономикалық жүйенің тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде ұстап тұрады. Зерттеудің құндылығы – авторлар жасаған қорытындылар, ақша-несие саясатының экономикалық өсуге үлкен әсер ететіндігі туралы ұғымды кеңейтіп, анықтайды. Түйін сөздер: монетарлы саясат, экономикалық өсу, банк жүйесі, макроэкономикалық саясат, реформа, девальвация.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-16