Жас қандастардың мәдени-әлеуметтік интеграциялануының кейбір мәселелері
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JOS.2020.v95.i4.02Аңдатпа
Қазақстандағы репатрианттардың мәдени-әлеуметтік бейімделуі мен интеграциялану үрдісі қоғамдық ғылымдар алдында өзекті мәселе ретінде қарастырылады. Сапалы кәсіптік білім алған заманауи білімді жастардың өсуі кез келген қоғамның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын байытады. Бұл адами капиталды және интеллектуалды, мәдени ортаны айтарлықтай өзгертеді. Соның ішінде тарихи отанына қоныстанған қандастардың жас буын өкілдерінің мәдени әлеуеті мен қоғамдағы орны бірқатар мәселелерді қайта қарауды қажет етеді. Бұл жаңа әлеуметтік топ – басқа саяси, тарихи, идеологиялық ортадан шыққан қазақ жастары. Бұл жастардың қоғамдағы белсенділігін саралауды қажет етеді. Мысалы, қандас жастардың құрылысы, қызмет көрсету, медицина және білім саласындағы қызметі олардың жергілікті қоғамға тез бейімделуіне жағдай жасады. Соның ішінде қандас жастардың өзара интеграциялануына олардың шетелдегі тәлімтәрбиесі мен дәстүрлі дүниетанымы әсер етеді. Соның бірі туыстық қатынастарды сақтауы, дәстүрлі қоғамдық қатынастарды, этикетті ұстануы болып табылады. Бұл Қазақстанға келген қандастардың аға буын өкілдері мен жастар арасындағы сабақтастың әлі де сақталып келгенін көрсетеді. Сонымен қатар, жастардың қоғамдағы орны олардың әлеуметтік және мәдени бейімделуіне мол мүмкіндіктер берді. Түйін сөздер: қандас, бейімделу, интеграция, Қазақстан, қоғам, оралман, білім, құрылыс, тіл.










