Жапондарға қарсы тәуелсіздік үшін жалынды күрескер Цой Дже Хен отбасының өмірі мен трагедиясы туралы (оның аман қалған отбасы мүшелерінің жазбаларынан)
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JOS.2020.v95.i4.01Аңдатпа
Автор бұл мақаласында Кеңес Қызыл Армиясы құрамындағы Теңіз флотының тұңғыш корей офицері Цой Павел Петрович және оның отбасы мүшелерінің сонау жылдардағы Қиыр Шығыстағы кеңестік корейлер тап болған ұлттық трагедияның отбасылық ащы тарихын әңгімелейді. Осыған байланысты негізінен Цой Павелдің тірі қалған отбасы мүшелері жазған отбасының тарихи естелік жазбалары мен Цой Павелдің әскери қызметіне байланысты кей материалдарды Ресейдің Әскери-теңіз флоты мемлекеттік мұрағатынан пайдаландым. Ленинградтағы Фрунзе атындағы Әскери-теңіз училищесін бітірген Цой Павел Кеңес Армиясы теңіз флотындағы тұңғыш корей офицері болды және Кеңес Одағының барлық теңіздерінде дерлік болып үлгерді. Бірақ, Азамат соғысы жылдарында үлкен ағасының және де 1920 жылы әкесі Цой Дже Хеннің мезгілсіз қайтыс болуымен Цойдың отбасындағы бақытсыздықтар тізбесі басталды. Сталиндік режимнің құрбаны болған теңіз флотының офицері Павел Цой да 1938 жылы 17 қазанда Қазақстанда қаза болады. Шамамен осы дәуірде Цой Павелдің оншақты іні-сіңлілері, апа-сіңлілерінің күйеулері сталиндік қудалау-репрессияларының құрбанына айналды, тек санаулы бауырлары ғана сұрқия ажал ауызынан құтыла алды. Цой Павел отбасының трагедиялық тарихы – ХХ ғасырдың басындағы кеңестік режимнің Қиыр Шығыстағы құрбандығына айналған корейлар өмірінің рәмізі секілді. Түйін сөздер: Цой Дже Хён (Цой Пётр Семёнович), Цой Павел, партизан, сталиндік жазалау шаралары.










