Әл-Фараби мен оның тәжірибеге негізделген трактаттары
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JOS.2020.v94.i3.07Аңдатпа
Мақалада танымал энциклопедист ғалым Әбу Наср әл-Фарабидің өмірі мен аз танылған еңбектері қарастыралады. Қазақ даласының тумасы терең білімі мен жан-жақты пәндерді игергендігімен кең танылған. Әбу Наср әл-Фараби ғылымның түрлі саласын қамтитын трактаттар, мақалалар және өзінен бұрын өмір сүрген ғалымдардың еңбектеріне түсініктер жазған. Қалыптасқан дәстүр бойынша Әбу Наср әл-Фараби ең алдымен философ. Сонымен қатар, гуманитарлық ғылымның барлық саласына жеке-жеке трактат арнағандығымен де белгілі. Математика мен музыкаға арналған трактаттары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып кең түрде танылған. Алайда әл-Фарабидің медицина мен химия салаларына арнап жазған еңбектерін көпшілік қауым біле бермейді. Сол себепті мақалада танымал ғалымның жаратылыстану ғылымына арнаған шағын еңбектері қарастырылып, бүгінгі заман тұрғысынан талқыланады. Әбу Наср әлФарабидің жаратылыстану ғылымына арнаған еңбектері ғалымның 1100 жылдық мерейтойы қарсаңында орыс тіліне аударылып жарық көрген. Сол кезден бері ұзақ уақыт өтті және аталмыш еңбектер кең түрде таныла қоймады. Мақалада әл-Фарабидің медицина мен химияға қатысты еңбектерінің қазіргі уақыттағы өзгерістер тұрғысынан талқыланады. Әл-Фарабидің әрбір трактаты құнды, бірақ жарытылыстану ғылымына арнаған еңбектері ғалымды басқа қырынан тануға мүмкіндік береді. Түйін сөздер: Әл-Фараби, трактат, философия, логика, медицина, химия, анатомия, ботаника, биология, жаратылыстану ғылымдары.










