Иран Ислам Республикасындағы Әл-Фараби зерттеулері

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JOS.2020.v94.i3.06

Аңдатпа

Аристотельден кейін Екінші Ұстаз деп танылған Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына байланысты 2020 жыл ЮНЕСКО ұйымы тарапынан әл-Фараби жылы деп жарияланды. Әл-Фарабидің адам баласы өркениетіне әсері мен ықпалының маңыздылығына байланысты әлемнің көптеген елдерінде оның өмірі мен еңбектері туралы әлі күнге дейін әр түрлі ғылымизерттеулер жасалып, мәдени іс-шаралар өткізіліп, кітаптар жазылуда. Барлық ғылым саласында өзінің ізін қалдырған, бағыт берген Екінші Ұстаз әл-Фарабиді Батыс ғалымдары Платон мен Аристотельдің шәкірті ретінде, Батыс пен Шығыс өркениеті, білім-ғылымы арасында бір көпір құрған ғұлама деп таныса, Шығыс ғалымдары оны Ислам философиясының негізін қалаушы деп біледі, сондай-ақ түркі-ислам өркениетінің негізгі тұлғаларының бірі деп қабылдайды. Қазақ елі үшін әл-Фарабидің алатын орны ерекше. Себебі ол осы Қазақ даласында дүниеге келген, Орта Азиядағы түркі тайпаларының өкілі, біздің ата-бабамыз. Оның әлем өркениетіне қалдырып кеткен мұрасын Қазақ елі қорғап, зерттеп, дәріптеуді өзінің басты міндеті деп біледі. Сондықтан, басқа елдерде қандай зерттеулер жасалғандығы туралы да мәлімет жинап, оларды сараптап талдай білуді басты міндетіміз деп есептейміз. Осы бағытта мақаламызда парсы тіліндегі деректерді жинақтау, сұрыптау, саралау және талдау жасау әдісін пайдалана отырып, әл-Фарабидің Иран Ислам Республикасында зерттеу нысаны болуы мен өмірбаяны, еңбектері туралы қалыптасқан ой-пікірлерді қарастыруға, жасалған ғылыми еңбектер және іс-шаралармен таныстыруға, жалпы Ирандағы әл-Фарабидің орнын көрсетуге тырысамыз. Түйін сөздер: Әл-Фараби зерттеулері, Иран Ислам Республикасы, әл-Фарабитану саласы.

Жарияланды

2020-09-25

Журналдың саны

Бөлім

АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ