ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ӨМІРІ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ: ТАНЫМ МЕН ПАЙЫМ

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JOS.2020.v94.i3.04

Аңдатпа

Әл-Фараби алғашқы білімін туған ауылы Висичте алып, одан әрі Отырар (Фараб) қаласына келіп жалғастырады. Қырық жасқа толғанда білім іздеп Мәрв қаласынан, Иран елі арқылы Бағдат қаласына қоныстанып, сонда жан-жақты салалар бойынша үлкен ұстаздардан білімін жетілдіріп, энциклопедист ғалым бола тұра өзінің философиялық алғашқы мұсылман ғалымы ретінде негізін қалыптастырады. Осы мақалада автор оның өмір жолын жазба деректер мен әл-Фарабитанушы ғалымдардың ғылыми тұжырымдарына сүйене отырып, білім алған жылдарымен сабақтастырып, жүйелі таным арқылы ғалымның философиясы көбіне логика ғылымына сүйенгенін анықтап беруге тырысты. Сондай оның бастапқы қайнары ислам қағидасы мен Аристотель логикасына сүйенген тұстарын анықтап беруге күш салдық. Осы орайда оның «Арман қала» немесе «Қайырымды қала» трактатының «Негізгі ой түйіндері» атты трактатынан бастау алатынын қолдаушы әл-Фарабитанушы ғалымдардың пікіріне қосылып, аталған трактатты кеңірек таныстырып, сараладық. Сондай-ақ «Негізгі ой түйіндері» ( ) атты трактатын араб тіліндегі түпнұсқасына сүйене отырып парсы, қазақ тіліндегі аудармасы арқылы жаңа аударма нұсқасын дайындадық. Өйткені шығыстану саласында түпнұсқаға сүйене отырып қазақшалау, бұл саланы өзге тілдердің ықпалынан құтқара отырып, тәуелсіз түрде тарих пен мәдениетімізге тиісті әдебиеттерді саралауға мүмкіндік туғызады. Түйін сөздер: Әбу Насыр әл-Фараби, ислам философиясы, дін және философия, Әмин Аһмет Рази, Аристотель, Платон, Абай, теориялық ақыл, практикалық ақыл.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-09-25

Журналдың саны

Бөлім

АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ