Әл-Фарабидің «Бақыт» идеясының әлеуметтік-мәдени негіздері

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JOS.2020.v94.i3.02

Аңдатпа

Бұл мақалада әл-Фарабидің «бақыт» идеясының әлуметтік мәдени негіздері әлеуметтік мәдени феномен ретінде, ғылыми теориялық тұрғыда жан-жақты қарастырылады. Бұл феномен тікелей адам жанымен тығыз байланысты, сонымен қатар, әрбір жеке тұлға қоғамның мүшесі болуға, өзінің жеке кемелінің деңгейіне жетуге, соның нәтижесінде өзіне қойылған басты мақсатқа қол жеткізуге ұмтылады. Бақытқа жетуге бағытталған іс-әрекеттердің барлығы әлФарабидің ойынша, белгілі бір кезеңде қоғамдық құндылық болып тұжырымдалады. Бақыт ұғымы әл-Фарабидің әлеуметтік мәдени негіздерінің өзегін құрап тұр. Бұл феноменнің адам үшін құндылығы аса зор екендігі үнемі ескертіліп отырады. Бақытқа жетуге көмектесетін ерікті әрекет – бұл әдемі әрекет. Оларды тудыратын адамгершіліктер мен әдеттер – бұл қайырымды нәрселер. Бақыт – әрбір адам ұмтылатын ұлы мақсат екендігін атап көрсеткен әл-Фараби бақытқа білім мен игілік нәтижесінде ғана жетуге болады. Білім алудың басты мақсаты жеке тұлғаны кемеліне жеткізу болса, ал әлемде адамзаттың өмір сүруінің басты мақсаты абсолюттік жақсылық – жоғарғы деңгей деп танылатын бақытқа жету деп анықталады. Түйін сөздер: білім, бақыт, мәдениет, қайырымды қала, этика, жеке тұлға, игілік, адамгершілік.

Жарияланды

2020-09-25

Журналдың саны

Бөлім

АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ