Жаһанданудың шығыс тілдеріне, әлемдегі білім мен мәдениетке әсері
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.18Аңдатпа
Бұл мақалада араб, хинди, бенгал, жапон сияқты шығыс тілдері қарастырылады. Автор әр түрлі елдерде, атап айтқанда, Мысырда, Үндістанда, Бангладеште, Жапонияда осы тілдердің функционалдығына үлкен мән, көңіл бөледі. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты – осы тілдердің әлемдегі жағдайына байланысты материалдарды талдау, мәдениеттегі, тілдегі кейбір өзгерістерді құбылыстарды анықтау. Тіл жүйесіндегі өзгерістерге, бүкіл әлемде болып жатқан жаһандану процесіне байланысты, ағылшын тілі халықаралық байланыстың ең маңызды тілі мәртебесін сақтайды. Автор аталған елдердегі тілдік ахуалды талдағаннан кейін, қазіргі кезде жаһандану ұлттық білім беру жүйесіне айтарлықтай әсер етеді деп санайды. Көптеген елдерде оқытудың негізгі тілдері – бұл елдің мемлекеттік тілі және ағылшын тілі. Мақсатқа жету үшін оқу-тәрбие процесін танудың ғылыми әдістері қолданылды. Негізгі әдістердің бірі – диалектикалық әдіс, ол қарама-қайшылықтар мен оларды шешудің салдарын ескере отырып, зерттеу объектісі мен тақырыбының көріністерін қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әдістер қолданылды: аналитикалық, салыстырмалы-тарихи, формальды-логикалық. Автор ұлттық мектептердің проблемаларын атап өтеді. Біріншіден, білім берудегі ұлттық жетістіктен айрылу қаупі. Екіншіден, шығыс мемлекеттерінің білім беру жүйелерін біріктіру. Түйін сөздер: тіл, тіл жүйесі, білім, мәдениет, жаhандану.
