Эллипсистің сипаттамасы және оның жапон ауызекі тілінде сөйлеудегі ерекшеліктері

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JOS.2020.v93.i2.15

Аңдатпа

Бұл жұмыс эллиптикалық кұрылымдардың аудармасын зерттеуге арналған. Атап айтқанда, эллипсистің сипаттамасы мен типологиясын анықтау. Эллипсис құбылыс ретінде жапон тілінде жиі кездеседі және тілді оқыту кезінде қиындықтар тудыратын оның басты сипаттамаларының бірі болып табылады. Себебі, сөйлемдерді есту немесе көзбен қабылдау кезінде жиі мәтінде бар бейтаныс лексика емес, керісінше, онда жоқ сөздер қиындық тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, эллипсис жапондықтар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің маңызды элементі болып саналады. Егер сөйлем ішіндегі жеке сөздер де, ойдың маңызды бөліктері де айтылмай қалса, тыңдаушы әңгіме мәнмәтінін немесе өзіндік фондық білімдерін негізге ала отырып, жетіспейтін ақпаратты өз бетінше қалпына келтіруге қабілетті болуы тиіс. Эллиптикалық құрылымдарды қабылдау және аудару мәселелерін эллипсис және оның жапон тілінде атқаратын рөлі туралы саналы түсінік қалыптастыру арқылы шешуге болады. Бұл дағды табиғи жағдайда ауызша және жазбаша мәтінді қабылдауда маңыздылардың бірі болып табылады. Ал эллиптикалық құрылымдарды өз бетінше пайдалану сөйлеуді жеңілдетіп, оның табиғи естілуіне мүмкіндік береді. Бұл мақалада ауызша сөйлеу кезіндегі эллипсис сипаттамасына назар аударылады. Түйін сөздер: эллипсис, эллиптикалық құрылымдар, лингвистика, аударма, ауызекі сөйлеу.

Жарияланды

2020-06-16