Әлішер Науаи Қожа Ахмет Яссауи және оның ізбасарлары жайында

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JOS.2020.v93.i2.09

Аңдатпа

Түркі халықтарының ауызекі және жазба әдебиеті тарихында рухани тұрғыдан кемел адами тұғырды бағындырған тұлғалар туралы, олардың қайраткерлік еңбектері жайлы қоғамда насихаттау, әдеби шығармаларда ізгі қасиеттерін жырлау дәстүрге айналған. Түркі халықтары әдебиетінде өзіндік орны бар ақын, қоғам қайраткері Әлішер Науаи де өзінің бірнеше еңбектерінде Тасаввуф (сопылық) пен жалпы Тариқат мәселелеріне, ағымның белді өкілдері мен шейхтарының өмірлік тарихына, әлеуметтік қызметі мен шығармашылығына үлкен мән берген. Атап айтқанда, шығыс әдебиетінде танымал «Насаим уль-Мухаббат» еңбегінде түркі-ислам әлемінде танымал жеті жүзге жуық әулиелер, ақындар мен жазушылар туралы тың деректерді ұсынады. Бұл еңбегінде Науаидың Ахмет Яссауиге ғана емес, сонымен қатар Яссауилік жолын жалғастырған ізбасарларына да ерекше құрметпен қарағанын көруге болады. Ол Яссауи шәкірттерінің өмір деректерімен қоса мемлекеттік және қоғамдық қызметтерін, жазып қалдырған еңбектері мен рухани болмысына талдау жасап, шығармаларындағы даналық сөздерінен дәйектер келтіріп отырады. Тарихтан белгілі, ғасырлар тоғысында қалыптасқан түркілік-сопылық әдебиет пен Яссауи қалдырған мектеп және ол негізін қалаған хикмет жанры жүздеген жылдар бойы өз маңызын жойған емес. Мақалада осы мәселелер төңірегіндегі сұрақтар мен ой-пікірлер талқыланады. Түйін сөздер: Қожа Ахмет Яссауи, Яссауилік, әдебиет, хикмет, Әлішер Науаи, Түркістан, шығарма.

Жарияланды

2020-06-16