Парсы шығанағы елдерінің АҚШ-пен сауда қатынастары

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.08

Аңдатпа

Мақалада Парсы шығанағы елдерінің АҚШ-пен әскери қақтығыстармен күрделене түскен және ірі державалардың әсерінен туындаған сауда-экономикалық күрделі құрылымы қарастырылады. Бұл мақаланы жазудың негізгі мақсаты Парсы шығанағы елдерінің АҚШпен сауда қарым-қатынастарының тарихы мен ерекшеліктерін ашу болып табылады. Зерттеу барысында Парсы шығанағы елдерінің даму фактілерін тарихи талдау және салыстыру-салғастыру әдістері қолданылған. Қазіргі таңда әлемде жаһандану үдерісінің рөлінің артуына байланысты экономикалық интеграция ұйымдарының маңыздылығы артып келеді. Осыған байланысты, экономикалық топтар құрылымында Парсы шығанағының Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі маңызды орын алады. Араб монархияларының Америка Құрама Штаттарымен тығыз қарым-қатынасы негізінен өзінің даму жолдарын анықтады және бүгінде олардың экономикалық саясатының негізін құрайды. АҚШ-тың ішкі саясатқа араласуы мен Ирандағы соңғы шиеленістер Парсы шығанағы елдерінің сауда-саттық қатынастарына тікелей әсер ететіндікпен осы аймақта жаңа әскери қақтығыстарға әкеліп соғуы мүмкін. Осыған орай, аймақтағы сауда көрсеткіштерінің төмендеуіне себеп болатын соғысты болдырмау үшін саяси диалогқа жүгіну қажеттілігі туындайды. Зерттеу нәтижесінде Парсы шығанағы елдерінің АҚШ-пен байланыстардың негізгі аспектілері мен тарихи даму барысындағы қиындықтары көрсетілді. Түйін сөздер: Парсы шығанағы, АҚШ, сауда қарым-қатынасы, интеграция, «Арабиялық алтылық», әскери қақтығыс, мұнай.

Жарияланды

2020-06-16