Әл-Фарабидың араб даналығы поэзиясына тигізген ықпалы
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JOS.2020.v93.i2.06Аңдатпа
Әл-Фараби араб философияның дамуына ғана емес, сонымен қатар, жалпы философияның дамуына салмақты үлес қосқаны белгілі. Ол логика, музыка, саясат, медицина, математика, астрономия, жіктеу және басқа да салаларға өз үлесін қосты. Ал, әл-Фараби арабтардың алғашқы өнері – араб поэзиясына әсерін тигізе алды ма? Зерттеудің негізгі мақсаты – әл-Фарабидың араб поэзиясына тигізген әсерін анықтау, оның қалай көрініс тапқанын зерделеу. Қолымыздағы бұл зерттеу жұмысы, ұлы философ пен исламға дейінгі дәуірден бастау алып, сонау Аббасилердің дәуіріндегі атақты араб жыршысы Аби әл-Тайиб әл-Мутанаббиге дейінгі араб поэзиясындағы даналықтың арақатынасын қарастыру арқылы аталмыш сұрақтарға жауап беруге тырысады. Аби әл-Тайиб әл-Мутанаббидің ізінен ортағасырлық Абу Алә әл-Маари мен Ибн әл-Уарди және қазіргі заманның Ахмед Шауки, әл-Гохари мен әл-Бардуни сияқты арабтардың кейінгі дана жыраулары да ілескен. Зерттеу жұмысында салыстырмалы талдау, мәлімет жинақтау және мәліметтерді сараптау мен классификациялау әдістері қолданылды. Мақаланың негізгі қорытындысы бойынша әл-Фарабидың араб даналығы поэзиясына қосқан үлесі айқындалып, кейбір өлең жолдарына интертекстуалды талдау жасалынды. Түйін сөздер: Әл-Фараби, Жаратушы, ислам, араб даналық поэзиясы, философия, әлМутанабби.










