Қытай-Қазақстан: «Белдеу және жол» бастамасы аясында білім беру саласындағы ынтымақтастық және инновация
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.03Аңдатпа
Қытай Халық Республикасының экономикасының қарқынды дамуы, сауданың өсуі, орасан зор демографиялық әлеуеті, инновациялардың дамуы мен жаңа технологияларды енгізуі әлемнің көптеген саясаткерлері мен зерттеушілерінің назарын аударады. Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық интеграцияның жаңа деңгейі саяси, сауда-саттық, қаржы саласындағы ғана емес, сонымен қатар білім беру мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді қажет етеді. Бұл екі елдің экономикалық интеграциясы процесінде тек саясаткерлер, кәсіпкерлер ғана емес, қарапайым адамдар да қарым-қатынас жүйесіне қосыла алатындығына байланысты, олардың бірлескен еңбегімен бірлескен жаңа өнімдер пайда болады. «Белдеу және жол» бастамасын іске асыру барысында екі елдің мәдени және білім беру салалары үшін жаңа міндеттер және мәселелер туғызады. Зерттеудің басты мақсаты «Белдеу және жол» бастамасы аясында білім беру саласындағы ынтымақтастық пен инновациялардың болашағын зерттеу, білім саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтау және Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімдер арқылы инновацияларды енгізудің негізгі жолдарын анықтау. Мақала Қазақстан мен Қытайдың Халық Республикасының «Белдеу және жол» бастамасы аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың теориясы мен тәжірибесін түсінуді жақсартуға бағытталған. Түйін сөздер: ынтымақтастық, білім беру, «Белдеу және жол» бастамасы, Қазақстан, Қытай.
