Қытайдың ғаламтор технологиялары мен сандық экономикасының даму

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.01

Аңдатпа

Мақалада Қытайдың сандық экономикасының дамуына талдау және Қытайдың осы саладағы соңғы жетістіктері қарастырылған. Сандық экономика қазірдің өзінде Қытай ЖІӨ-нің 30,6%-ын қамтиды. Сандық экономика Қытайдың соңғы жылдардағы экономикалық дамудың ең белсенді саласына айналғаны сөзсіз. 2017 жылы бұл туралы алғаш рет үкіметтің есебінде айтылды. Олар оны Қытайдың экономикалық өмірінің өсуі мен дамуын жеделдететін жаңа күш деп санай бастады. Қытайдың сандық экономикасының алғашқы нәтижелері бүкіл әлемге ғылым мен техниканың жедел және қарқынды өсуінің зор әлеуеті мен тартымдылығын көрсетті. Сандық экономика – әлемдік экономиканың заманауи даму жолы. Бұл дамымаған аймақтардағы экономикалық өнімділікті арттырып қана қоймай, сонымен қатар, ең бастысы, осы аймақтардың адамдарына оң өзгеріске алуан түрлі мүмкіндіктер береді. Сандық байланыстың көмегімен, ең шалғай аудандардағы адамдар да үлкен қалалардың тұрғындарымен бірдей сапалы ақпаратқа қол жеткізе алады. Дамыған аймақтардың халқы білім, медицина, сауда операциялары және т.б. салалардағы қажетті ақпаратты минималды шығындармен ала алады, ауылшаруашылық өнімдерін жоғары бағамен сату мүмкіншілігі пайда болады. Сандық экономика кедейлерге көмектесуге мүмкіндік береді. Бұл дамушы елдердегі адамдарды шабыттандырады. Түйін сөздер: мобильді төлемдер, бұлтты есептеу, желінің қауіпсіздігі, электрондық коммерция.

Жарияланды

2020-06-16