Дескриптивті әдіс негізінде манганың ағылшын тілінен орыс тіліне аудармасын талдау

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v92.i1.11

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты - Накадзава Кейдзи жазған «Хадаси-но Гэн» (Barefoot Gen) атты Жапон Мангасының жапонша және екі орысша нұсқасын сипаттамалық аударма зерттеуі (Descriptive Translation Studies) негізінде талдап, аталмыш аудармалардағы үрдісті анықтау болып табылады. Манга, яғни жапон комиксі, анимемен қатар жапон мәдениеті, әсіресе, жапон субкультурасын білудегі маңызды материал. Сондықтан, Манга Жапон тілін үйренушілерге арналған қызықты оқу материалдарының қызметін атқарады. Мақаланың авторы Toury (1995) ұсынған «үш-фазалық методологияны» қолданды. Toury деген ғалым Itamar Even-Zohar ұсынған Polysystem-теориясы бойынша аударылған шығарманы Description (сипаттау) деген аспекттен зерттеді. Нақты айтқанда, біріншіден аударылған мәтінді нысана мәдениет жүйесі (target culture system) аясында қарастырып, екіншіден, бастапқы мәтін (Source Text) мен нысана мәтінін (Target Text) салыстырып, олардағы «жұптасып тұрған сөздері» арасындағы қарым-қатынасты айқындайтын өзгерістерді анықтап, үшіншіден, қолданылған аударма стратегиялары туралы жалпылама тұжырым жасауға талпыныс жасалды. Зерттеудің нәтижесінде орыс тіліндегі аударманың жаңа нұсқасында Манганың құрылымына арналған бөлімде нысана мәтініне бағытталған аудару стратегиясы қолданылғаны, яғни бұл нұсқада жапон мәдениетінің ерекшеліктеріне аса көңіл аударылғандығы анықталды. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері лингвистикалық бірліктер мен беттер құрылымын сандық талдау негізінде аударма стратегиясының табиғилығын анықтауға (RT1 немесе RT2) мүмкіндік береді. Түйін сөздер: жапон тілі, орыс тілі, Манга, сипаттамалық аударма зерттеуі.

Жарияланды

2020-03-25