Қазақстан мен Үндістан әдебиеті мен мәдениетіндегі ұлттық характер мәселелері: салыстырмалы талдау, генезисі және дамуы

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v92.i1.10

Аңдатпа

Бұл мақала әлемге әйгілі ойшылдардың шығармаларының мазмұны мен тұжырымдамалық ұғынуы негізінде қазақ-үнді әдебиетіндегі ұлттық ерекшеліктерді және ұлттық характерді талдауға, ғылыми тұрғыда зерттеуге арналған. Шығармадағы кейіпкерлер менталитетінің ұлттық ерекшелігі қоршаған ортаға, туып өскен географиялық жеріне байланысты қалыптасады деген негізгі идеяны ұстанатын екі елдің жазушылары мен ақындарының еңбектері жалпылама қарастырылған. Атап айтқанда, қазақ-үнді қоғамындағы әйелдер мәртебесінің генезисі мен дамуын көрсететін салт-дәстүрлер талданған. Жалпыұлттық және халықаралық әдебиеттегі қарым-қатынастың негізгі мәселесі болып табылатын ұлттық характер ерекшелігі жайлы мәселе жаңа әдістемелік тәсіл негізінде жан-жақты қарастырылған. Қазақ және үнді ғалымдарының осы елдердің ұлттық ерекшеліктерін, ұлттық әдебиет идеясын ашу жайлы пікірлері мен пайымдары талданған. Сонымен қатар қарастырылып отырған екі халықтың ұлттық формасы, көркемдікбейнелеу тәсілдері, әдеби және тарихи дәстүрлері, реалиясы, наным-сенімі, салт-дәстүрлеріндегі ұқсастық пен айырмашылықтары зерттелген. Қазақ пен үнді халқының қарым-қатынасының тарихи даму кезеңі барысында екі ұлт дүниежүзілік өркениет мәдениетіне айтарлықтай үлес қосты деуге болады. Түйін сөздер: ұлттық характер, ұлттық әдебиет, ұлттық образ, ұлттық портрет, ұлттық салтдәстүр, ұлттық өнер, ұлттық сана, әлемдік мәдиениет, әдеби байланыс.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-25