Этнонимді тақырыпаттарды зерттеу тәжірибесінен
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v92.i1.08Аңдатпа
Этникалық ақпараттың, сондай-ақ өзге де ақпараттың рөлі, этнонимдерді бұқаралық ақпарат құралдарындағы этнонимдерді пайдалану контекстері, қайсыбір этника туралы оң / теріс деректердің лингвистикалық рәсімделуі, олардың ақпарат тұтынушылардың санасына және олардың кез келген елдің бұқаралық ақпарат құралдарындағы функцияларына әсері сияқты мәселелерді пысықтау аса өзекті болып табылады. Әр түрлі жағымсыз контекстерде этнос атауының жиі көрініс табуы тұтынушы санасында этнос туралы теріс ассоциациясының қалыптасуына алып келуі мүмкін. Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдары ұлт бейнесін, ұлттық бірегейлікті, ұлттық бірлік процестерін оң немесе теріс насихаттауда қоғамдық сананы бақылау және оған ықпал ету тетіктерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты баспа басылымдарының тақырыпаттарын зерттеу жүзеге асырылады, өйткені олар оқырманның белгілі бір этнос туралы пікірін қалыптастыруға, жалпы қоғамда этникалық стереотиптің пайда болуына ықпал етеді. Түйін сөздер: этнонимдік тақырыпат, медиадискурс, этникалық стереотип, этнос бейнесі, контент-талдау.
