«Тағдыры ортақ жаһандық қауымдастық» тұжырымдамасы: Қытайдың сыртқы саяси жүріс-тұрысына ықпалы
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v92.i1.07Аңдатпа
Бұл мақала Қытайдың қазіргі кезеңдегі сыртқы саясатында ең негізгі орынды иеленіп отырған «тағдыры ортақ жаһандық қауымдастық» тұжырымдамасының мәні, пайда болуы және мазмұны жан-жақты зерттеледі. Мақалада автор қытайлық және батыстық зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, «тағдыры ортақ жаһандық қауымдастық» тұжырымдамасының Қытайдың сыртқы саясатында бесінші буын өкілдері жүргізіп отырған жаңа кезеңнің басталғандығын білдіретін өзгеріс ретінде көрсетеді. Тұжырымдаманың мәні және мазмұны туралы түрлі пікірлерді зерттей келе, берілген мақала оның Қытайдың сыртқы саяси жүріс-тұрысына тигізетін әсерін талдайды. Автор аталған тұжырымдаманың белсенді сыртқы саясат, Қытайдың жаһандық басқару істеріне жиі қатысуы, әлемде өзінің оң имиджін насихаттауы, аймақтық ұйымдар жұмысына белсене қатысу және жауапкершілігі мол мемлекет етінде әрекет ету сынды нәтижелерге алып келеді деп есептейді. Бұл тұжырымдаманы ҚХР басшылығының маңызды халықаралық жиындарда белсенді түрде насихаттауы Қытайдың халықаралық сахнада өзінің артып келе жатқан қуатына сай әрекет етуіне ұмтылатындығын білдіретін әрекет ретінде қорытындыланады. Түйін сөздер: «тағдыры ортақ жаһандық қауымдастық», жаһандық басқару, сыртқы саяси белсенділік, бесінші буын.
